2017 жылы өңдеу секторының жалпы өсімі артады

Жаңалықтар
02.03.2017, 17:57

0S7A9661Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің алдында 2017 жылға елдің өнеркәсіптік дамуы саласында бірқатар міндеттер тұр. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексін кемінде 2 % қамтамасыз ету, мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын іске асыру, жергілікті қамтуды арттыру, экономиканың жылдамдатылған технологиялық жаңғыруы (4.0 Индустрия бойынша шаралар кешенін әзірлеу).

2017 жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылы енгізілген кәсіпорындардың есебінен жетекшілік ететін өңдеуші сектор салаларының кемінде 2 % тұтастай өсуі, түсті металл нарығындағы және темір-рудалы шикізаттағы әлемдік конъюнктураны жақсарту, болат, арматура, құбыр, рельстер, бастапқы алюминий, мыс, қорғасын өндірісінің, химия, фармацевтика өнеркәсібінің және өзге салалардың өнімдерін өндіруді арттыру, жаңа кәсіпорындарды іске қосу жоспарлануда.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде «KazMinerals» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «ТНК «Казхром» АҚ-та руда өндіруді арттыру, әлемдік нарықтағы темір-руда шикізатына бағаның жақсаруы есебінен темір рудаларын өндіру көлемін арттыру (55 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін), «ССГПО» АҚ, «BapyMining» ЖШС, «Өркен» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда. 2017 жылдың 4-тоқсанында «Қызыл» жобасы бойынша Бақыршы кенішінде өндіруді бастау күтілуде.

Қара металлургияда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Кастинг» ЖШС-да болат, «KSP Steel» ЖШС-да құбыр, «АРБЗ» ЖШС-да рельс өндірісін арттыру есебінен өсуі күтілуде.

Түсті металлургияда «Казцинк» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де өндіріс көлемдерінің ұлғаюы күтілуде.

Химия өнеркәсібінде «Казфосфат» ЖШС, «Ақтөбе хром жалғамалары зауыты» АҚ, «Каустик» АҚ-да өндіріс көлемдерін ұлғайту жоспарлануда.

Автомобиль жасауда жаңа бағдарламаны іске қосу жоспарлануда, оның аясында ескі автокөлікті кәдеге жаратуға беру кезінде сертификат беріледі. Ол отандық өндірушілерден жеңілдікпен автокөлік сатып алу үшін зор мүмкіндік болмақ.

Қазақстанда электромобиль өндірісін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл автомобиль жасауда жаңа бағыт құруға мүмкіндік береді.

Теміржол машинасын жасау секторындағы өндіріс көлемін ұлғайтуды 2016 жылы жүк вагондарын шығаруға бөлінген қаржыны (17,5 млрд. теңге) игеру есебінен қамтамасыз етуге болады. Тағы да 1000 жүк вагонын шығару жоспарлануда. Жүк вагондарын жасау көлемін 15 есе ұлғайту күтілуде, ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың жүк вагондарының қажеттілігін толықтыруға және 2020 жылға қарай жылжымалы құрамның тозу деңгейін 25 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Құрылыс материалдарының өндірісінде «Жамбылгипс» АҚ-та құрылыс қоспалары мен гипс бұйымдарын шығару жөніндегі технологиялық желілерді кеңейту және жаңғырту, «Шымкентцемент» АҚ–та «құрғақ тәсілмен» технологиялық өндіруді жаңғырту, «Рудненск цемент зауыты» ЖШС, «Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС цемент зауыттарының құрылысын, «Зерде-Керамика» АҚ екінші зауытының, «Севен Рефракториз Азия» ЖШС отқа төзімді материалдарды өндіру зауытының құрылысын аяқтау; «Отандық жиһаз өнімдерін өндірушілер» құрылған консорциум (жеңіл өнеркәсіптің «Жасампаз» консорциумына ұқсастығы бойынша) аясында мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтуды және жиһаз өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Жеңіл өнеркәсіпте 2016 жылы іске қосылған «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Жетісу» аяқ киім фабрикасы» АҚ жобалары есебінен және 2017 жылы іске қосылатын «Samhat» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС, «В.А.Е.R» ЖШС, «AzalaFabrik» ЖШС, «SG Style» ЖШС, «Оқушыларға арналған мектеп киімінің тігін фабрикасы» ЖШС өндіріс көлемдерін ұлғайту жоспарлануда.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемінің шамалы ұлғаюы жоспарлануда. Биыл Алматы қаласының индустриялық аймағында «Хикма» иордан компаниясының дәрілік заттарын өндіру бойынша зауыттың құрылысы жоспарлануда.

mid.gov.kz

Сұхбат

PhotoRoom