«Еуразия апталығы» форумы Астанадағы ЭКСПО алаңында өтеді

Жаңалықтар
03.03.2017, 18:55

17Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Күн тәртібінде 24 мәселе қарастырылды.

Комиссия Кеңесінің отырысы барысында интеграциялық әлеуетке ие экономика саласына қатысты сұрақтар легі талқыланып, ішкі нарық шеңберінде тосқауылдарды азайту, сондай-ақ,  «Антиконтрафакт» жыл сайынғы Халықаралық форумын өткізуді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

«Антиконтрафакт» Халықаралық форумы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі пікірталас алаңы болып табылады. Мұнда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, осы саладағы халықаралық сарапшылар, бизнес-қауымдастық пен ғылым өкілдері ЕАЭО бірыңғай нарығын қорғап,  өндірістік өнімнің заңсыз айналымы мен зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

Кооперативті ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарының тізбегі анықталды. Ол өнеркәсіпті өңдеу салаларында кооперативті жобаларды жасауға ынталандырады.

Отырыс барысында  ЕЭК Кеңесінің мүшелері ағымдағы жылдың тамыз айында «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында  «Еуразия апталығы» форумын өткізу туралы шешім қабылдады. Форум ЕАЭО елдері Үкіметі, бизнес және халықаралық сарапшылар үшін Одаққа мүше елдердің экономикасын дамытудағы өзекті сұрақтарды талқылап, стратегиялық шешімдерді әзірлеуге арналған алаңға айналмақ.

ЕЭК отырысында Еуразиялық экономикалық одағын әрі қарай дамытуға бағытталған барлық сұрақтар бойынша өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom