ИДМ өз тарапынан Б.Нұрабаевтың ісінің тексерілуіне қатысты тиісті құжаттарды беруге әзір екенін жеткізді

Жаңалықтар
06.03.2017, 18:56

НұрабаевБүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев басшылық еткен қылмыстық топтың қызметін әшкерелеп, жолын кесті, - деп хабар тараған болатын. Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өз тарапынан аталмыш істің тексерілуіне қатысты тиісті құжаттарды беруге әзір екенін жеткізді. Бұл туралы today.kz порталы ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды.

"Қазіргі уақытта ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Нұрабаев Базарбай Қанайұлын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы қамауға алды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сондықтан, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі әзірге түсініктеме бере алмайды. Министрлік өз тарапынан аталмыш істің тексерілуіне қатысты тиісті құжаттарды беруге әзір. Нұрабаев Базарбай Қанайұлы 2012 жылдан бері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы қызметін атқарып келген. Ведомствоның қайта құрылуына байланысты 2014 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы болып тағайындалған" деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Сұхбат

PhotoRoom