Қазақстандық әуекомпанияларға Ұлан-Батыр мен Токиоға кедергісіз ұшу құқығы берілді

Жаңалықтар
07.03.2017, 10:33

18Қазақстан мен Ресейдің қалыптасқан екіжақты серіктестік ынтымақтастығының негізінде Ресей Федерациясы территориясының әуе кеңістігімен ұшу мәселесі жөнінде келісім жасалды. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша, қазақстандық әуекомпанияларына Ұлан-Батыр мен Токиоға кедергісіз жаңа бағыт ашуға мүмкіндік беретін Транссібір бағыты жүйесін қолдану арқылы ұшу құқығы берілді.  Аталмыш мәселе ұзақ уақыт талқыланды.

Сонымен қатар, қазақстандық тасымалдаушылар Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша күн сайынғы рейстер орындау құқығын алды. Тараптар келісімді хат алмасу жолымен бекітті.

Сұхбат

PhotoRoom