Елбасы әйелдерге ұнаудың жолын айтты

Жаңалықтар
07.03.2017, 17:09

photo_35316Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем шуағы" атты кездесуінде әйелдерге қалай ұнау керек екенін айтып берді.

Президент Маңғыстау облысында тұратын журналист Венера Мирланқызы жайлы айта келе "қандай сұлу" деп, мақтау сөз айтты. "(...) Әйелге ұнағың келсе, ол әдемі болса, оның ақылды екенін айт. Ал егер әдемі болмаса, әдемі де. Екеуі де болмаса, "Қалай арықтағансың" де. Дұрыс па? Міне, оларды әлі күнге үйретіп келемін, сөйлесе алмайды", - деді Назарбаев.

26

Кездесуде Мария Галицкая гитарамен екі ән орындады. Мария Галицкая - 29 жастағы әнші, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Ол - Tengri-FM радиостанциясының тыңдармандары үздік деп тапқан "Брат" деген әннің авторы әрі орындаушысы.

"Рақмет, Мария, шығармашылық жетістік пен бақыт тілеймін. Университетті қашан аяқтайсың? Биыл? Қазірдің өзінде танымал болдың, елордаға немесе Алматыға көшіп барасың", - деді оған Елбасы.

Сондай-ақ, Назарбаев шаңғы жарысынан Алматыда өткен Универсиаданың чемпионы Анна Шевченко жайлы айтты. "Аня тым жас. Із қуа жарысу - бес шақырым. Классикалық әдіс - 15 шақырым. Әділбек Рыскелдіұлы, елестетіп көрші. Сен күн сайын жағалауда жүгіресің, шаңғысыз", - деді Президент күліп Жақсыбековке. Осыдан кейін Елбасы спортшыға сәттілік тіледі.

Президент мұндай кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті. Шақырылған әйелдер арасында саясаткерлер, әскерилер, мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер мен ғалымдар да бар. Жиналған нәзік жандарға лебіз білдіру  арқылы Назарбаев барша қазақстандық қыз-келіншектерді құттықтап жатқанын айтты.

"Кімді шақыратынымызды таңдау оңай болған жоқ. Көбі келгісі келген шығар? Бәрін де ескере алмадық, алдағы уақытта ескереміз", - деді Президент.

Ол 12 жыл бұрын биліктегі әйелдер қатарын 30 пайызға дейін жеткізуді тапсырғанын еске алды.

"Ол кезде мүмкін еместей көрінген. Мемлекеттік аппаратта әйелдермен кеңесетін, алайда, шешімді өздері қабылдайтын ерлер болды. Ерлер өзімшіл. Ондай әйелдер де бар. (...) Ерлі-зайыптылар ұрсысып қалып: татуласайық, екеуміз де кінәліміз, бірақ сенің кінәң көбірек депті", - деп әзілдеді Парезидент.  "(...)

Біз үшін алынбайтын қамал жоқ", - деп атап өтті Назарбаев. Ол шақырылған әйелдердің бастан кешкендеріне тоқтала кетті.

"Әйелдер мұндай теңдікті қалай бағалап жатқанын білмеймін. Қолына қару алып. Мен өзім мұны аса жақсы қабылдамаймын. Бірақ сіздерді тоқтату мүмкін емес. Мен қазір қару туралы мысал ғана айттым", - деді ол және қазақстандық қаһарман әйелдер туралы антология жасауды ұсынды.

Президентпен кездесуге қатысқандар: Парламент Мәжілісінің депутаты, бала құқығы бойынша уәкіл Зағипа Балиева, микробиолог ғалым, Антарктидада Қазақстан туын тіккен Әлия Ерназарова, Алматыда өткен Универсиадада шаңғы жарысынан чемпион атанған Анна Шевченко, Ирина Седова ауылдық мектеп директоры, "Жас Атамекен" Жас кәсіпкерлер клубының директоры Зарина Көкжанова, ақын Толқын Қабылша, әнші Мария Галицкая, "Теңізшевройл" ЖШС адам ресурстары басқармасының бас менеджері Шолпан Алтыбаева, аудандық аурухана бас дәрігері Карлығаш Разиева, ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, "Астана-Балет" театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көп балалы ана Оксана Мукашева, қобыздан халықаралық конкурстардың жеңімпазы Ақерке Тәжібаева, Астана қаласының кәмелетке толмағандар ісі бойынша ауданаралық арнайы сотының төрағасы Назиля Раззак, Абай атындағы театрдың солисі Оксана Давыденко, ҚР Қарулы күштерінің Парашютті дайындық орталығының аға маманы Римма Рамазанова, актриса Салтанат Бақаева және журналист Венера Мирланқызы.

tengrinews.kz

Сұхбат

PhotoRoom