Қазақстанда Наурыз мейрамының қарсаңында сұраныс артып отырған бағыттарға қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. Олардың мәліметі бойынша, сұраныстың артуына байланысты мына бағыттар бойынша қосымша пойыздар қосылады:
- № 154/153 Астана - Алматы бағыты бойынша, Астанадан 18 наурызда шығып, 19 наурызда Алматыда болады, пойыз бір бағытта жүреді;
- № 157/158 Алматы-2 - Астана бағыты бойынша, Алматыдан 18 наурызда шығып, 19 наурызда Астанада болады, бір рейс;
- № 160/159 Алматы - Павлодар бағыты бойынша, 19 наурызда Алматыдан шығып, 21 наурызда Павлодарда болады, пойыз бір бағытқа жүреді;
- № 155/156 Алматы-2 - Арыс-1 17 наурызда Алматыдан шығып, 18 наурызда Арыста болады, пойыз бір бағытта жүреді.
"Сайгез-ақпарат"