Руханидің алғашқы сапары

Жаңалықтар
08.09.2014, 10:59

Иран Президенті Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен келді. Иран басшысының сапары Қазақстанға ғана емес, тұтастай алғанда Орталық Азияға алғашқы келуі. Айта кетейік, Н.Назарбаев 2013 жылы тамызда Х.Руханидің инаугурация салтанатына қатысқан болатын.

Екі елдің ортақ мүддесі өте көп. Каспийді жағалай қонған екі ел алдағы уақыттағы өзара қарым-қатынасын жаңа сатыға көтеруге бел буып отыр.

ҚР мен ИИР арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы Декларациясында былай деп көрсетілген:

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының қарым-қатынасы өзара сенім, бір-бірінің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу принциптеріне, халықаралық қауіпсіздік принциптерін сақтауға негізделген және тату көршіліктің, екі тараптың саяси, экономикалық мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізінде достық байланыстардың деңгейін одан әрі көтеруге бағытталған. 

Сұхбат

PhotoRoom