2016 жылы транзиттік тасымалдан түскен пайда 267 млрд. теңгені құрады

Жаңалықтар
09.03.2017, 16:57

0S7A0797Қазақстанның географиялық орналасуы Азия – Еуропа бағыты бойынша жүк тасымалдауда елдің көліктік желісін пайдалану үшін алғышарт боолады және қолайлы жағдай тудырады. Осы мақсатта көлік-логистика кешенін дамыту, трансқазақстандық дәліздердің жаңа сәулетін қалыптастыру ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жұмысының басым бағыты болып табылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы транзиттік тасымалдан 267 млрд. теңге пайда түсті, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 40% артық.

2016 жылы Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымал 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 105 мың ЖФЭ жетті (2015 жылы 47 мың ЖФЭ құрады). 2016 жылы Ляньюньган портындағы логистикалық терминал арқылы ЖФЭ 176 мың контейнер тасымалданса,  2020 жылы ЖФЭ 550 мың контейнер тасымалдау жоспарланып отыр.

Қазақстан аумағы арқылы 11 бағыт бойынша шамамен 100 контейнерлік пойыз өтеді. Оны арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады және  2020 жылға қарай төмендегі бағыттар бойынша көлемді арттыру арқылы 2 млн. контейнерге жеткізу жоспарланған:

-ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша ҚХР 15 провинциясымен тасымалды теңіз көлігінен теміржолға бағыттау арқылы 800 мың контейнерге жеткізу;

- Қытай-Кавказ-Түркия бағыты бойынша Баку-Карс-Ахалхалаки теміржол желісі мен Құрық портын пайдалануға беру арқылы 300 мың контейнерге жеткізу;

-Қытай-Түркіменстан-Иран бағыты бойынша Қазақстан теміржолымен транзиттік жүк тасымалына тарифтік жағдай ұсыну арқылы 680 мың контейнерге жеткізу;

-басқа бағыттар бойынша 220 мың контейнерге жеткізу.  Бүгінде Ресей-Орталық Азия-ҚХР бағыты бойынша жеке контейнерлік тасымал жалпы тасымалдың 29% құрайды.

Каспий аймағы Қазақстан үшін маңызды көлік хабы болып табылады. Қазіргі уақытта Ақтау порты қайта жаңғыртылып, қуаттылығы 19,5 млн. тоннаға дейін артты. 2016 жылы Ақтау порты арқылы 13 мың автокөлік құралы өтті. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13 есеге артық (2015 жылы 1855 бірлік).

«Құрық» портында  қуаттылығы 4 млн. тонна болатын паромдық кешеннің құрылысы жалғасуда (Іске асыру кезеңі – 2015-2017 жж.).

2016 жылдың желтоқсанында алғашқы нысандары іске қосылды. Жобаның аяқталуы Қазақстан теңіз порттарының жалпы өткізу мүмкіндігін 23,5 млн. тонаға дейін жеткізуге жол ашады.

Сондай-ақ, еліміздің шығысында Қытаймен шекаралас аумақтағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА базасында «құрғақ порт» пен инфрақұрылым құрылысы аяқталды. 2016 жылы құрғақ портта 87 мың ЖФЭ сұрыпталды.

Азаматтық авиация саласында 2016 жылы әуе көлігімен транзиттік тасымал «транзиттік ұшақ-шақырымдары» 169,0 млн. ұшақ/шқ. құрады.

2016 жылы барлық ұшулардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы жерге қонбай өткен транзиті 50% құрады. Бұл транзиттік ұшып өтулер кірісінің 76% әкеледі.

Соңғы 5 жылда транзиттік жолаушылар ағыны 4 есеге өсті. 2012 жылы 120 мың адам болса, өткен жылы 478 мың адамға жетті.

Қазақстан арқылы негізгі транзиттік жолаушылар ағыны мына бағыттар бойынша байқалады:

- Қытайдан Түркияға, Ресей мен Еуропаға;

- Украина мен Өзбекстан арасы;

- Қырғызстан мен Оңтүстік Корея арасы.

2017 жылдың аяғына қарай 600 мыңнан астам транзиттік жолаушының тасымалдануы күтілуде.

mid.gov.kz

Сұхбат

PhotoRoom