Саясаттанушыларды әзірлеуде проблемалар көп

Жаңалықтар
08.09.2014, 14:38

Болашақ саясаттанушыларды дайындауда бірқатар проблемалар бар. Бұл туралы бүгін Қазақстан саясаттанушылары конгресінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

Кәсіби саяси білім берудің мамандықтары мен бағыттарының құрылымы саяси ғылымды оқытуды біршама жоғары деңгейге шығарған елдерде  нақты айқындалғанын атап өткен ол: «Ең алдымен бұл - АҚШ. Онда саясаттану мамандығы бойынша білім беретін 1037 университет пен колледж бар. Ал Қазақстанда саясаттану мамандығы бойынша дайындауға мемлекеттік лицензия алған не бәрі 14 университет бар. Бұған қоса, оқытудың бакалаврият, магистратура және докторантура сынды үш деңгейлі сатысымен Еуразия ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғана білім береді. Бұл болашақ саясаттанушыларды сапалы дайындаудағы проблемалы мәселелердің бар екендігін көрсетеді», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, саясаттану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын отандық жоғары оқу орындары арасындағы рейтингте ағымдағы жылы 1263 баллмен Еуразия ұлттық университеті, екінші орында 1155 баллмен Қазақ ұлттық университеті  тұрақтаған. Ал үшінші орындағы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті небәрі 161 балл алған.

Сұхбат

PhotoRoom