26 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы өтеді

Жаңалықтар
24.03.2017, 10:16

11 Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы:

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында "Жаңғырудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім" күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген Жарлықта.

Сұхбат

PhotoRoom