88 жастағы Хосни Мүбәрак қамаудан босатылды

Жаңалықтар
24.03.2017, 18:57

14Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак бүгін қамауда жатқан Каирдегі әскери госпитальден босап шығып, Гелиополистегі үйіне кетті деп хабарлады Мүбәрактың адвокатына сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Египеттің апелляциялық соты наурыздың басында 88 жастағы Хосни Мүбәрактан 2011 жылы өз билігіне қарсы халық толқуы кезінде демонстранттардың өліміне қатысы бар деген айыпты жойған. Египетті 30 жыл билеп, 2011 жылы ақпанда биліктен кетірілген Мүбәрак 2012 жылы 18 күнге созылған толқуда жүздеген демонстранттың өліміне айыпты деп танылып, өмір бойы түрмеге жабылған болатын.

Мүбәрак коррупцияға қатысты жеке айыптар бойынша үш жыл түрмеде отырған. Ол биліктен кеткен соң оның орнына исламшылдар жетекшісі Мохаммед Мурси сайланған. 2013 жылы оны әскерилер биліктен кетірген.

Сұхбат

PhotoRoom