ШҚО-да тіркелмеген намазхана ашқаны үшін сауда орнына айыппұл салынды

Жаңалықтар
28.03.2017, 18:34

15Өскеменде «Дина» көптеп сату орталығында намазхана ашып, оны тіркемегені үшін басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 200 АЕК көлемінде айыппұл салынып, жұмысы үш айға тоқтатылған.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов мәлімдеді.

Аймақтағы діни жайтқа тоқталып өткен басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда жағдай бірқалыпты. Басқарма құзырлы органдармен бірлесе отырып, әлеуметтік желілермен жұмысты күшейткен.

– Өткен жылы ғаламтор желісінде жүргізілген мониторинг барысында 848 дереккөздің ішінен, оның ішінде экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 370 бейнероликтер мен 120 интернет портал анықталды. Жастардың санасын мұндай қауіптен сақтау мақсатында ғаламтордағы дереккөздерді бұғаттау жұмысымен айналысудамыз, – деді Бейбіт Әшімов.

Айта кетсек, ШҚО-да 201 мешіт, 39 православ, 60 протестанттық, 6 католиктік шіркеу, криншаиттік және  иудей діни бірлестіктері жұмыс жасауда

Сұхбат

PhotoRoom