Оңтүстікте жаңғақ шаруашылығы дамытылуда

Жаңалықтар
28.03.2017, 22:23

gretskiy-oreh-derevoОңтүстік Қазақстанда өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жаңғақ шаруашылығын дамыту ісі жүзеге асырыла бастады. Соның бір дәлелі – Құсшы ата тұқымбағының 2 гектар жеріне 1300-ге жуық жаңғақ көшеті егілді. Осылайша, Оңтүстіктің брендтік жаңғағы болады. Енді сол маңдағы табиғи парк қызметкерлері жеміс ағашын күтіп-баптауға үлес қосады.

Оңтүстік өңірінде жаңғақ шаруашылығын дамыту бастамасына Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі белсене кіріскен. Парктің Түркістан филиалының қызметкерлері Құсшы ата ауылында грек жаңғағының алқабын өсіріп жатыр. Мұнда жергілікті жартылай аласа Жалалабад сұрпының көшеттері егілген. «Жасыл аймақ» тұқымбағынан әкелінген көшеттер биыл гүлдеп, келесі жылдан бастап өнім береді деп күтілуде,-деп жазады otyrar.kz сайты.

Бейбіт Мошқалов, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры: “Бізде қазір бәрі жеткілікті. Облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Қызметкерлерге жалақы, тұқымбақты өсіруге, уақытша жұмысшыларды жалдауға, техника, тұқымбақты ұстауға, керек жанар-жағармайдың барлығымен қамтамасыз етілгенбіз.”ON_ONIM-LOGO

Құсшы ата ауылындағы тұқымбақтың жалпы ауданы 10 гектарға жуық. Арнайы жобамен жасалып, түгел қоршалған. Қуаты 10 гектарға жететіндей сорғы станциясы бар. Қазіргі уақытта бақты 5 қызметкер күтіп-баптап жүр. Олардың қатарында мемлекеттік инспектор да бар.

Нысанбек Берденов, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиалының директоры: “Мұндай тұқымбақтардың 3 мақсаты бар. Біріншісі – өзіміздің Сырдария өзенінің бойында қарқынды бау өсіру. Сол жоспарға байланысты жұмыс істейміз. Орман ағаштары көшетінің барлығы осы жерде өсіріледі. Екінші мақсат – сәндік ағаштар егу. Ал үшінші мақсатымыз жеміс ағаштарын егу болып келеді. Біздің осы тұқымбақ өзіміздің және біздің парктің үш филиалына көшет жеткізу мақсатында ашылған.”

Құсшы ата орман тұқымбағы Қаратау тауының бөктерінде орналасқан. Сондықтан мамандар жаңғақ ағаштарының мол өнім беретініне сенімді. Мына егілген көшеттер 3-4 жыл қатарынан өнім береді деп күтілуде. Алдағы уақытта тағы екі гектар жерге жаңғақ көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom