ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Нұрлы жер бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылауға арналған жиынға қатысып сөз сөйледі.
Оның айтуынша, қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру 10,5 млн. шаршы метрді құрады және бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артты (8,9 млн.шаршы метр). 89 мыңнан астам тұрғын үй, оның ішінде – 36 мың жеке тұрғын үй салынды.
Іске қосылған тұрғын үйдің ең көп үлесі Астана қаласында – 22 % (2256 мың шаршы метр), Алматы қаласында - 18% (1862 мың шаршы метр), Маңғыстау облысында - 7% (786 мың шаршы метр) және Ақтөбе облысында - 6% (616 мың шаршы метр).
Сонымен қатар, 2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 10 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді (100 мың пәтерді), соның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен 1,6 млн. шаршы метр тұрғын үйді (28 мың пәтерді) іске қосу күтіліп отыр.
Анықтама:
519,2 мың шаршы метр - жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) кредиттік тұрғын үйі;
150 мың шаршы метр – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
190 мың шаршы метр - «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі ;
23,1 мың шаршы метр – ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар мен жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй;
210,4 мың шаршы метр – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі (сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй - 27,4 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй -183 мың шаршы метр);
562,6 мың шаршы метр - «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның тұрғын үйі.
Мыналар жоспарланған:
Маңғыстау облысында 109,7 мың шаршы метр (1890 пәтер);
Атырау облысында 73,2 мың шаршы метр (1172 пәтер);
Ақтөбе облысында 117,8 мың шаршы метр (2016 пәтер);
Батыс Қазақстан облысында 89,9 мың шаршы метр (1201 пәтер)
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 2,3 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2016 жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 44,7% артық. Жылдық жоспар бойынша тұрғын үйді іске қосу проценті 22,3% құрайды (жоспар 10,2 млн. шаршы метр).
Іске қосылған тұрғын үйдің ең көп үлесі Алматы қаласында -28% (639 мың шаршы метр), Астана қаласында – 26 % (587 мың шаршы метр), Маңғыстау облысында - 9% (211 мың шаршы метр) және Оңтүстік Қазақстан облысында - 6% (139 мың шаршы метр).
Іске асырылған тұрғын үйлердің қомақты көлемі Атырау облысында (94,7 мың шаршы метр), Ақтөбе облысында (72,5 мың шаршы метр) және Батыс Қазақстан облысында (60 мың шаршы метр).
Жеңіс Қасымбек сондай-ақ бағдарламаның тұрғын үй құрылысы көрсеткіштерінің жылдық жоспарын назарға ала отырып, аймақтық әкімдіктерге жылдық көрсеткішке қол жеткізу үшін барынша шаралар қабылдау қажеттігін қадап айтты.