Елбасының жаңа резиденциясы қандай болады? (ФОТО)

Жаңалықтар
31.03.2017, 10:09

13Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы алғашқы резиденциясы бүгінде  Астанадағы ҚР Тұңғыш президенті музейіне айналды. Одан кейін Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы болатын.

15Резиденция құрылысы 2001 жылы басталып, ресми тұсаукесері   2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр.

12Енді Мемлекет басшысының жаңа резиденциясы салынуы мүмкін. Бұл туралы Жаһандық инженерлік-құрылыс корпорациясының ресми сайтынан білуге болады. Олар "New Complex of the Residence of the President" деген тақырыппен әлі құрылысы басталмаған жаңа жобаның суреттерін жариялады.

11Бұл корпорация Астана қаласындағы ең танымал ғимараттардың құрылысымен айналысқан екен. Қазіргі Ақорда ғимараты, "Астана Опера" театры, ҚР Сыртқы істер министрлігі, "Сарыарқа" велотрегі сияқты танымал кешендер мен ғимараттар бар.

14Әзірге жоба құрылысы қашан басталатыны, қашан пайдалануға берілетіні туралы ақпарат көрсетілмеген.

Сұхбат

PhotoRoom