Үкімет басшысы облыс басшыларына көктемгі су тасқынын қатаң қадағалауды тапсырды

Жаңалықтар
04.04.2017, 11:24

photo_211825ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысын аша отырып, күн тәртібіне тоқталмастан бұрын, Қазақстандағы су деңгейінің көтерілуі мәселесіне тоқталды және ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың, сондай-ақ, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерінің ағымдағы су деңгейінің көтерілу жағдайы мен төтенше жағдайларды ескерту шаралары туралы баяндамаларын тыңдады.

«Құрметті әріптестер, жергілікті орындардағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырамын, үйлестіру жұмыстарына Асқар Ұзақбайұлы жауапты (Мамин – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары)», - деді Б. Сағынтаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында орын алған қайғылы жағдай туралы белгілі болды, нәтижесінде Қарқаралы ауданының Нүркен Әбдіров атындағы ауылында екі ағайындыны Қопа өзенінің ағысы алып кеткен болатын.

Сұхбат

PhotoRoom