Алматы облысында жәрмеңке аясында 51 адам тұрақты жұмыс тапты

Жаңалықтар
05.04.2017, 11:48

7Алматы облысының Алакөл ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Нәтижесінде 51 адам өздеріне тұрақты жұмыс тапты.

Олардың қатарында мүгедек азаматтар да бар. Жәрмеңке барысында 51 адамның әрқайсысына арнайы жолдама берілді. Олар жұмыс берушінің талаптарына сай болып шықса, жұмысқа қабылданатын болады.

Үшаралда ұйымдастырылған шара жұмыссыздар мен жұмыс берушілердің бір-бірінің ұсыныс, сұраныстарын қарап шығуға мүмкіндік берді. Жалпы жәрмеңке арқылы аудандағы 11 мекеме 76 жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар қоғамдық жұмысқа 89 адам, ал кәсіби оқытуға 151 адам жіберілді.

Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары келушілерге түрлі сұрақтар бойынша кеңес беріп, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының мүмкіндіктерін түсіндірді.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom