Астанада түнгі маршрут пайда болды. Жолақысы - 150 теңге

Жаңалықтар
05.04.2017, 12:51

5Сәуірдің 7-8 аралығында түнде «Теміржол вокзалы – Халықаралық әуежай» арасында № 200 түнгі бағдар еңгізіледі. Автобус тестілік режимде іске қосылады. Бұл туралы astana.gov.kz жазады.

Астана қаласы жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бағдар «Теміржол вокзалы – Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Кенесары көшесі – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Тұран даңғылы – Достық көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – «Пригородный» т/а – Халықаралық әуежай» арқылы жүреді.

Жол жүру ақысы — 150 теңгені. Қозғалыс интервалы 30 — 60 минут.

түнгі маршрут

Сұхбат

PhotoRoom