Оңтүстік ардагерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттері сыйға тартылды

Жаңалықтар
05.04.2017, 17:56

20170405142754Оңтүстік Қазақстанда мәдениет саласына көп жылдық еңбегін арнаған өнер ардагерлері мен зиялы қауым өкілдеріне "ЭКСПО-2017" көрмесінің 50-ден  аса билеті сыйға тартылды.  Облыстық мәдениет басқармасы тарапынан ұйымдастырылған шарада   тарихи-өлкетану мұражайының "ЭКСПО-2017: Жарқын істер жолашары" атты көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Облыстағы мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары және мәдениет ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында "ЭКСПО-2017"20170405142841 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне мәдениет қызметкерлерінің дайындығы пысықталды. Айта кетейік, көрме аясында атап айтқанда 26 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында елордада оңтүстіктің мәдениет саласы қызметкерлері өнер көрсетеді.  «Оңтүстік Қазақстан облысы күндеріне 500-ден аса өнерпаздар, оның ішінде облыстағы 20 мәдениет және өнер мекемелері мен жекелеген өнер иелері  қатысатын болады. Халықаралық мәнге ие жылдың айрықша шарасында театр, ән, би, цирк өнерлерімен қатар қолөнер шеберлері мен қылқалам иелері және облыста түсірілген анимациялық фильмдер мен көркем фильмдер көрсетілімі сынды көптеген іс-шаралар ұсынылады», - деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы  Нұрболат Ахметжанов.

 

Сұхбат

PhotoRoom