Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінатқарған еді.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылған Қанат Орынтайұлы Оразқұлов ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.