Оңтүстіктен ЭКСПО–2017 көрмесіне «Қазақы қара шаңырақ» атты көшпелi көрме апарылады

Жаңалықтар
07.04.2017, 15:01

56Астана қаласында өтетiн ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесiне Оңтүстiк Қазақстан облысынан «Қазақы қара шаңырақ» атты көшпелi көрме апарылады. Бұл туралы okg.kz сайты жазады.

Соның iшiнде қазақы киiз үйдiң жасауы көздiң жауын алады. Сол босағада ер-тұрман, ат әбзелдерi, киелi құс–бүркiт орналасса, оң жақ босағадан кебеже, саба, мес, күбi, торсық, самаурын секiлдi үй жиһаздары орын алған.

Киiз үйдiң оң босағасына шымылдық құрылып, төрде қыздың жиған жүгiндей болып қос бiрдей сандық көз тартады. Киiз үйге кiрген бойда сол жақ босағадан жоғарырақ жерде кереге бойынан ер жiгiттiң бес қаруы – садақ, найза, қылыш, шоқпар, айбалта көзге түседi.

Сондай-ақ, жергiлiктi қолөнер шеберлерi Қалмырза Тасовтың «Қазына ұршық», Болат Бейiсбековтiң «Шүмек» бесiк жиынтығы, Бауыржан Жетпiсәлиевтiң «Ұлы дала аңыздары» триптих топтамасы, Айдар Ниязовтың «Түркiстан мавзолейi», «Наурыз», «Түркiстан» туындылары киiз үйдiң ажарын аша түскен.

Айта кетейік, осы жылы бас қаламыз елордада өтетін көрмеге келушілер үшін Оңтүстіктің шаруалары ауыл шаруашылығы өнімдерін апармақ. Осылайша, келушілерді оңтүстікқазақстандық диқандар өздерінің тәтті қауын-қарбыз бен балғын бау-бақша және жеміс-жидектерімен тәнті етпек.

Сұхбат

PhotoRoom