ЭКСПО–2017 Халықаралық көрмесiнiң жалауы желбiрер сәт жақындап келедi. Бұл Елорданың ғана емес, бүкiл елiмiздiң мәртебесiн өсiретiн шара болмақ. Оған әлемнiң дамыған 168 мемлекетi қатысады деп күтiлуде. Сондықтан бұл Қазақстанның әлеуетiн көрсететiн зор мүмкiндiктiң бiрi де бiрегейi. Оның жоғары деңгейде өтуiне әр азамат атсалысуы қажет.
Осы орайда Арыс қалалық әкiдiгiнiң мәжiлiс залында көрменiң ресми серiктестiгi және туроператоры «Sky Way Trabel» ЖШС-нiң қызметкерлерi қатысқан жиын өттi. ЖШС қызметкерi Мөлдiр Болатқызы көрменiң артықшылықтары мен соңғы нанотехнологияларды қолдана отырып салынған ғимараттардың ерекшелiктерi жайында әңгiмеледi. Сондай-ақ, ол көрме билеттерiн туристiк пакеттер құрамында тиiмдi шарттармен алу мүмкiндiгiн кеңiнен сөз еттi. Жиынға қатысушылар қойған сұрақтарына тұшымды жауап алды,-деп жазады okg.kz сайты.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық автоматтандырылған бөлімшелерінде сатылуда. Билеттерді сату көрменің соңғы жұмыс күні – 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылатын болады.