Парламенттің жоғарғы палатасының спикері бұл туралы Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді. "Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының басшысы ретінде Мысырдағы христиан шіркеуіндегі терактіні айыптаймын, қастандық құрбандарына көңіл білдіремін", - деп жазған Қасым-Жомарт Тоқаев.
9 сәуірде Мысырда төрт жарылыс болған еді. Танта қаласында лаңкестер христиан шіркеуі мен полицейлерді даярлау орталығына шабуыл жасаған. Александрияда да ғибадатханаға шабуыл жасалып, кейін тағы бір бомба жарылды. лаңкестік салдарынан Тантада 30 адам мерт болған, БАҚ мәліметі бойынша, Александрияда 16 адам қаза болып, 41 адам жарақат алған.
"Сайгез-ақпарат"