"Депутаттар - саяси қызметкерлер, сондықтан жалақысы әкім, министрлермен тең болуы керек"

Жаңалықтар
10.04.2017, 11:19

13ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко депутаттар жалақысының өсіміне қатысты өз пікірін білдірді. Бүгін Парламенттегі жиында тілшілермен сұхбаттасқан вице-спикер мәжілісмендер жалақысының көтерілуін негізді екенін айтты.

"Саяси қызметкерлер арасында жалақысы соңғы боп өскен осы депутаттар, Негізі бұл шешім осыдан 4 жыл бұрын қабылданып қойылған еді. Министрліктер мен өзге де ведомстволардағы жалақыны біртіндеп өсіремін дегенше 4 жыл өтіп кетті. Міне, енді біздің кезегіміз келді", - дейді Владимир Божко.

Оның айтуынша, саяси қызметкерлердің бәрі бірдей жалақы алуы тиіс. Ал, біздің елде депутаттар саяси мемлекеттік қызметкерлер болып есептеледі.

"Бұл шешім негізді. Шешім қабылданды ма, ендеше ол орындалуы керек", - деп сөзін түйді Мәжілістің вице-спикері.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының жалақысы 2017 жылдың 1 наурызынан бастап 30-50 пайызға көтеріліп отыр. Енді мәжілісмендердің орташа айлық-жалақысы 600-700 мың теңгені құрайы.

Сұхбат

PhotoRoom