Кеше бұрынғы ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туған күні болды. Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевты "топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан" деген айып тағылып, бүгінде Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторында қамауда отыр.
Қуандық Бишімбаевтың фейсбуктегі аккаунты әлі жұмыс істеп тұр. Жүздеген оқырманы оны туған күнімен құттықтап, әртүрлі тілектер жаудырды. Тілектердің дені "сабырлық", "әділеттілік орнап, босап шығу" төңірегінде болды. Сол тілек тілеушілердің арасында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те болды.
Ratel.kz сайты "Смелый поступок Асета Исекешева" деген тақырыппен берді. Newtimes.kz, Nur.kz, 365info.kz "Исекешев поздравил Куандыка Бишимбаева" деген тақырыптармен берді.