Амандық Баталовтың басқа облыстармен әуе қатынасын жандандыру туралы бастамасы қолдау тапты

Жаңалықтар
13.04.2017, 19:10

78«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде облысаралық көлік қатынастарын ашу және Алакөл көлінің маңында туризмді дамыту мақсатында облыс әкімі А. Баталовтың «Астана - Үшарал - Астана», «Алматы – Үшарал - Алматы» авиарейстерін ашу туралы бастамасы  Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан қолдау тапты. Бұл туралы бүгін Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы өткен актив жиынында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар дың баяндамасында айтылды.

Осы жиын барысында Талдықорған мен Шымкенттің, Өскеменнің, Қарағанды, Павлодар қалаларының арасын жалғайтын әуе қатынастарын ашудың мүмкіндіктері қарастырылып жатқаны хабарланды. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарының бірі «Алматы - Шығыс» бағытын дамыту шаралары сөз болды. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының құрылысы, «Алматы - Өскемен», «Үшарал-Достық» бағытындағы автокөлік жолдарының қайта жаңғырту жұмыстары т.б. мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.

Сондай-ақ, облыстағы жолдардың жағдайына талдау жасалды. Мәселен, облыстық маңызы бар жолдардың 37,3 %  жақсы қалыпта, 40,3 %-інің жайы қанағаттанарлық деңгейде, 22,4 % – жөндеуді қажет ететіндігі анықталған. Бұған байланысты да шаралар қабылданатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom