ОҚО әкімі «Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» өкілдерімен кездесті

Жаңалықтар
15.04.2017, 18:18

192a4076-7114-4c1b-aca1-471203801899Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» өкілдерімен кездесті. Басқосуда талантты жастарды қолдау мен өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Мәртебелі қонақтардың өңірімізге арнайы іссапармен келуіне алғысын білдірген аймақ басшысы «Ұлт Көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» еліміздегі басты қор екенін айтты.

«Мемлекет басшысының бар ғұмыры – баршамыз үшін, әсіресе, жастарға үлгі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы 3 млн-ға жуық халықтың 800 мыңға жақыны жастар десек, еліміз үшін бұл үлкен сан. Сондықтан, өңірімізде осы сынды шараларды өткізіп отыру маңызды. Осы ретте, мұндай басқосуларды Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Жастар ресурстық орталығының ғимаратында ресми емес форматта жиірек өткізуді ұсынамын», - деді 6fa293ba-1df8-4e68-ab77-7f8642a1ba05Ж.Түймебаев.

Кездесуде аталған Қор жетекшілігі Кентау қаласындағы №5 Абай атындағы орта мектептің өкілдеріне зертханалық жабдықтың 19 атауын сатып алуға 3 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Айта кету керек, бүгінгі екі жақты кездесу «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының күндері» жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Қор өкілдері тұрақты негізде Қазақстанның түрлі өңірлерінде облыс активімен және жоғары оқу орындарының жастарымен кездесу өткізіп келеді.

Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаевтың айтуынша, бүгінгі таңда қор ұжымы көптеген шараларды атқаруда.

«Елбасының бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы бүгінде ұлттық сана-сезімімізді өзгерту маңызды екеніне тоқталды. Яғни, түсінік пайымын өзгертпей біз алға қарай жылжып, дами алмаймыз. Сондықтан, Президенттің осындай соны ойларды жастардың санасына сіңіруіміз қажет. Жастарымыздың біздер ұйымдастырған жобалар мен байқауларға қатысып, гранттар мен шәкіртақыларды жеңіп алғанын қалаймыз. Еліміздің болашақтары – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыратын осынау бірлескен жұмыстарды атқаруда үлкен жетістіктерге жететінімізге сенімдімін», - деді Қ.Жұмабаев.

Шымкент қаласына сапар барысында Қордың Жас ғалымдар кеңесі және Шығармашыл жастар кеңесі және Лауреаттары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Онда Қордың қызметі және бағдарламалары туралы әңгіме болды.

Ал іссапар соңы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда шығармашыл жастарға арналған шеберлік сабақтарымен аяқталатын болады.

Еске сала өтейік, Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қызметі Президенттің идеялары мен саясатын іске асыруға, жастардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалын ашуға және іске асыруға қолдау көрсетуге, қайырымдылық қызметі және сараптау-талдау орталығын дамытуға бағытталған. 2017 жылы қор ұжымы 80-нен астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Сұхбат

PhotoRoom