Ең дамыған батыс елдерінде де жемқорлық бар. Бірақ...

Жаңалықтар
11.09.2014, 17:19

 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында әлемнің ең дамыған 30 елінің күнделікті қарым-қатынастардан туындайтын «тұрмыстық жемқорлықты» жойып, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыра алғандығын атап өтті.

Cаясаткердің айтуынша, Елбасының Қазақстанды барынша дамыған 30 елдің қатарына қосу жөніндегі сөзінің мағынасы да осында. Ал ол елдердің билігі өз азаматтарына кедергісіз орта ұсынған. Сондықтан да, осы үлгіде, азаматы заңды құрметтейтін, мемлекетке сенетін, өмір сапасы жоғары қоғам құру басты міндет.

«Сыбайлас жемқорлық әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде, Батыстың дамыған мемлекеттерінде де орын алып отыр. Бұл індет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ал, ең қиыны - азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретіп, сол арқылы мемлекеттікке қауіп төндіретіні мәлім», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, бүгін Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан 2050» Стратегиясын іске асырудың қажетті шарты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның күш-қайратын жұмылдыру» тақырыбында ДКЖК отырысы өтті. Шара соңында оның мүшелері Коалиция атынан барлық Қазақстан азаматтарына арналған Үндеу қабылдады. Елдегі 7 партияны біріктірген «Қазақстан 2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен 2009 жылы құрылған болатын.

 

Сұхбат

PhotoRoom