Түлкібас ауданы ЭКСПО-ға келген туристерді күтуге әзір

Жаңалықтар
20.04.2017, 21:01

aksu1Түлкiбас аудандық кәсiпкерлiк бөлiмi басшысының уақытша мiндетiн атқарушы Бекайдар Құрманәлиевтiң мәлiмдеуiнше, әр ауылдық округте бекiтiлген стандартқа сай ЭКСПО-ға қатысты билбордтар орнатыла бастады. Әзiрге мұндай билбордтар аудан бойынша 17 жерге қойылды. Көрмеге келушi туристерге сапалы қызмет көрсету және тiлдердi дамыту мақсатында облыс көлемiнде өткiзiлетiн семинар-тренингтерге қызмет көрсетушi мекеме қызметкерлерiнiң қатысуы ұйымдастырылған.

«Sky Way Travel» ЖШС – ЭКСПО–2017 көрмесiнiң ресми серiктесi және туроператоры болып табылады. Жақында аталмыш компанияның менеджерi М.Ахметова ЭКСПО–2017 көрмесiнiң билеттерiн туристiк пакеттер құрамында тиiмдi шарттармен алу мүмкiндiгi бойынша ауданға келiп, тұрғындармен түсiндiрме жұмыстарын жүргiздi. Алдағы уақытта да қызығушылық танытқан кәсiпорындар, бiлiм және медицина мекемелерi, туристiк бизнес, қоғамдық ұйымдар өкiлдерiне тұсаукесер жасауға дайын екенiн бiлдiрдi.

Аудандағы туристiк мекемелердiң бiрi – Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығына төрт тiл (ағылшын, қытай, түрiк, немiс) бiлетiн арнайы мамандар бекiтiлдi. Демалыс аймақтарының хабарламалары үш тiлде жарияланып, аудармашылармен қамтылған. Аудан орталығындағы 120 орынды «Ақсу-Жабағылы» санаторийi, 20 орынды «Карима», 24 орынды «Ережеп ата» және Керейттегi 50 орынды «Мөлдiр бастау» қонақүйлерiне тәулiгiне 214 саяхатшы орналастырылып, сапалы қызмет көрсетiледi деп күтiлуде.

Бүгiнгi таңда халықаралық көрмеге келушiлерге өлкетану мұражайы мен тарихи-мәдени ескерткiштердi қамтитын Жабағылы және Машат шатқалы демалыс аймақтарына туристiк бағыттар әзiрленген. Туристiк нысандардың сырт келбеттерiн реттеп, үш тiлде төлқұжаттарын дайындап iлу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесiне өңiрлер тұрғындарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Түлкiбас ауданы бойынша әлеуметтiк және жас категориялары бойынша сараптама жүргiзiлдi. Бүгiнде барлығы 528 тұрғын, оның iшiнде 157 зейнеткер, 118 оқушы мен студент нақтыланып, 187 экономикалық белсендi, 76 белсендi тұрғын бар екендiгi анықталды. Аз қамтылған отбасылар мен мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға iрi кәсiпорындар мен кәсiпкерлердiң демеушiлiгiмен көрмеге барып-қайтатын жол шығындарын қарастыру да жоспарланған. Қазiргi таңда аудан бойынша ЭКСПО-ның 1500-ден астам билетi сатылды.

Сұхбат

PhotoRoom