ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Душанбе декларациясына қол қойды

Жаңалықтар
12.09.2014, 17:33

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше  мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысынан кейін Душанбе декларациясына қол қойылды. Құжатты Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан Президенттері рәсімдеді.

Сондай-ақ 6 елдің Көшбасшылары, атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев, Си Цзиньпин, Владимир Путин, Ислам Кәрімов, Алмазбек Атамбаев, және Эмомали Рахмон ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында өтінім беруші мемлекеттің міндеттемелері туралы үлгілік меморандумның жаңа редакциясын бекіту туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы тәртіпті бекіту туралы, 2025 жылға дейінгі ШЫҰ-ның даму стратегиясының жобасын дайындау туралы, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі шешімдерінің іс-әрекетін тоқтату туралы, ШЫҰ-ның символикасы туралы ережені бекіту туралы, өткен жыл ішіндегі ШЫҰ қызметі жөніндегі ШЫҰ бас хатшысының баяндамасын бекіту туралы, 2013 жылғы ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы қызметі жөніндегі ШЫҰ ӨЛҚҚ кеңесінің баяндамасын бекіту туралы  шешімдерге қол қойды.

Сұхбат

PhotoRoom