Үкімет басшысы Алматы облысына жасаған сапары барысында Талдықорған қаласындағы әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметінің жұмысын тексеріп, ұшу-қону жолағына, аэровокзал ғимаратына жүргізілген реконструкциялау мен әуежайдың жаңа авиарейстерді дамыту бойынша перспективалары туралы баяндаманы тыңдады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министріне аймақтың туристік әлеуетін арттыру мақсатында Үшарал қаласында салынып жатқан аэровокзал құрылысы туралы баяндалды.
Қазіргі кезде Талдықорған әуежайында жылына 26 мың жолаушыға қызмет көрсетіліп, 600 авиарейс ұшырылады. Әуе айлағының қазіргі аэродромдық мүмкіндіктері Boeing-757, Ил-76, ТУ-134, Челленджер-850, АН-24, ЯК-40 типіндегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
Талдықорғанның әуе айлағы Жетісудың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет астанасына қатынап жатқан рейстермен қатар, мұнда ел өңірлеріне бағытталған әуе қатынастары да даму үстінде. Жақын арада Өскемен мен Ресей Федерациясының қалаларына әуе рейстері ашылады. Өңірішілік маңыздағы дамыған бағыттарды есепке ала отырып, жаппай демалыс орындарына – Алакөл көліне – бұл Қазақстанның өзге облыстары мен көрші елдерден туристердің көптеп келуіне мүмкіндік береді.