Инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов қызметінен кетті деп хабарлады бүгін Астанада журналистерге инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Оның сөзінше, Сейдахметов "өз еркімен қызметінен кету" туралы өтінішін екі күн бұрын жазған. Министр Сейдахметовтің не үшін отставкаға кеткенін нақтыламады.
Өткен айда көліктегі бас прокуратура министр Қасымбекке азаматтық авиация комитеті төрағасының өз қызметіне лайықтылығы мәселесін қарастыруды тапсырған. Прокуратура азаматтық авиациядағы ұшақтардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тексеріс қорытындысында бірқатар заң бұзушылық анықталғанын мәлімдеген.
Бекен Қанелұлы Сейдахметов 2011 жылдан бері (ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі) Азаматтық авиация комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.