Ташкент мемлекеттік заң университетінің ректоры Есемұрат Каньязов Өзбекстан Республикасы Әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы gazeta.uz хабарлайды.
Өзбекстан президентінің қаулысымен Есемұрат Каньязов 28 сәуірде Әділет министрінің орынбасары қызметіне келді.
Есемұрат Каньязов 1971 жылы дүниеге келген, 1993 жылы Мәскеу мемлекеттік көлік-жол институтының түлегі, 1999 жылы Карақалпақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2013 жылдан бастап Ташкент мемлекеттік заң университетінің ректоры қызметінде. 2011-2013 жылдары Әділет министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды, 2005-2011 жылдары министр орынбасары болды. Әділет министрлігінде 1996 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
"Сайгез-ақпарат"