Оңтүстіктен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмек жіберілді

Жаңалықтар
02.05.2017, 22:03

Бүгін Шымкенттен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тұрғындарға гуманитарлық жүк тиелген көліктер жіберілді.IMG_0801

Осы жылдың сәуір айында Қазақстанның 7 өңірінде, яғни, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 52 елді-мекен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен болатын. Соның салдарынан екі мыңға жуық үй су астында қалып, 120 тас жолды су шайып кеткен.

Осыған орай, еліміздегі барлық өңірлерде көмек көрсету орындары ашылып, бұқара жұрт жұмыла бірігіп, демеу болуда. ОҚО жастары осы маңызды миссияны қолға алып, облыс тұрғындарына үндеу жариялады. Осының негізінде арнайы штаб ашылып, аз уақыт ішінде қол ұшын берген азаматтардан қажетті заттар мен  қаражаттар  қабылданды. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  жанынан құрылған «Бізбен бірге» еріктілер мектебінен құрылған арнайы штабқа 200-ге жуық азаматтардан заттай және қаржылай гуманитарлық көмек қабылданды.IMG_0676

Бүгін жаны жомарт жандардан құны 15 млн. теңге болатын азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен көрпе төсек және 200 кілем тиелген жүк көлігі жолға шықты. Сондай-ақ, игі іске М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері де өз үлестерін қосты.

Сұхбат

PhotoRoom