Жәмішев Қазақстан Даму банкінің неліктен олигархтарды қаржыландыратынын айтып берді

Жаңалықтар
03.05.2017, 16:49

88Қазақстан Даму банкінің төрағасы Болат Жәмішев жекеменшік кәсіпорындарды қаржыландырудың себептерін түсіндіріп берді.

"Біз олигархтармен, қазақстандық ірі кәсіпорындармен жұмыс істейміз. Мысалы, түсті металлургияны төрт кәсіпорын қаржыландыруы мүмкін. Әрине, бұл кәсіпорындардың бенефициарлары - танымал адамдар. Біздің химия саламызды да төрт кәсіпорын қаржыландырады", - деді банк төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Сондай-ақ, ол маңызды салаларды қаржыландырудың маңызды екенін айтып өтті. Оның айтуынша, шикізат көлемі үлкен болған жағдайда оларды қаржыландыру өте маңызды.

"Химия саласын қаржыландыру Қазақстан Даму банкі үшін басымдық бола ма? Осыншама шикізатымыз бола тұра химия саласын дамытпау қисынсыз болады. Иә, банк ірі жобаларды қаржыландырады", - деді Болат Жәмішев.

Қазақстан Даму банкінің төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта банктің мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке сәйкес келетін жобалары жоқ. "Біз қазіргі уақытта норматив базаны және қажет құралдарды ойластырып қойдық. Жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді банк төрағасы.

Дереккөз: tengrinews.kz

Сұхбат

PhotoRoom