Бүгінгі Түркістан қаласындағы өтіп жатқан «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «2016 жылғы үздік дипломат-елші» атағымен марапатталды.
Әлем журналистері ұйымының шешімімен берілген бұл сыйлықты ұйым басшысының орынбасары, белгілі журналист Орxан Селен мырза табыс етті.
Ал, осы ретте, аймақ басшысы түркі елдерінің рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлесі үшін халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Киелі Түркістанда «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумы өтуде.
Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған форумға Қазақстан, Әзербайжан, Башқұртстан, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Түркия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері қатысуда.