Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді түсіндіріп, оның іске асырылу барысын тексереді.
Қостанайда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС жұмысымен танысты, онда жаңғырту аясында шығарылатын автокөлік желісі ұлғайтылып, экспорттық әлеуеті жүзеге асырылуда.
ҚР Премьер-Министріне JAC S3 және PEUGEOT 301 шанақтарын біріктірудің жаңа желісінің монтаж жұмыстары туралы ақпарат беріп, шанақтарды бояу цехтарының, жеңіл автокөліктер мен автобустарды құрастыру желісінің жұмыстарын көрсетті.
Зауыт қызметкерлері Бақытжан Сағынтаевқа ЭКСПО-2017-ге жіберілген IVECO Crossway автобустарын, сонымен қатар осында шығарылатын жеңіл автокөліктер мен коммерциялық техника желісін көрсетті. Зауытта 7 бренд: Peugeot, SsangYong, Iveco, Hyundai, JAC, JAC Commercial, Ravon және Chevrolet бар. Бұдан өзге, электромобильдер өндірісі ретке келтірілген.
Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында қажетті инфрақұрылымды құруды қарастыра отырып, экспортқа бағдарланған электромобильдер өндірісін одан әрі дамыту міндетін қойды.
Бүгінде автокөліктер еліміздің ішкі нарығы мен көрші Ресей мемлекетінде сатылуда. «Холдинг Азия Групп Тәжікстан» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатын болады, оның аясында Тәжікстанға 2 мың JAC және Peugeot автокөліктері жеткізілетін болады.
«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС 2010 жылы құрылған. Кәсіпорында 2010 жылдан 2017 жылғы сәуір айына дейін 26 345 автокөлік шығарылған. 2017 жылдың І тоқсанында 971 көлік құрастырылған. Зауытта шамамен 600 жұмыс орны бар.
Премьер-Министрге өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға және оның жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірісті автоматтандыру процесі таныстырылды.
Бақытжан Сағынтаевқа металлургия зауыты – ресейлік серіктестермен бірге іске асырылған инновациялық жоба екендігі айтылды. Өзінің техникалық жабдықталуы мен процестерді автоматтандыру деңгейі бойынша кәсіпорын «Индустрияландыру 4.0» Төртінші өнеркәсіптік революция тұжырымдамасына жауап береді.
Бұдан өзге, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шарттар едәуір жақсартылды. Интеграциялық үдерістер нәтижесінде дайын өнімді КО елдеріне экспорттау кезінде кедендік рәсімдеу қажеттілігі жойылды.
Зауытта металды өңдейді және қайта өңдейді, сондай-ақ арматура, ұсақ сұрыпты илем және басқа да бұйымдар шығарылады. Екі жүзге жуық металлург еңбек ететін кәсіпорынның қуаты жылына 450 мың тоннаны құрайды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторы ретінде Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жер-жерде енгізуді белгілегені мәлім: бұл автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «үлкен мәліметтермен» алмасу.