Оңтүстік журналистеріне семинар өткізіліп жатыр

Жаңалықтар
17.09.2014, 11:35

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының кейінгі кезде белсенді жұмыс істеп жатқанынан хабардарсыздар. Дәл қазір ақпарат құралдары өкілдеріне арналған семинар өткізіліп жатыр. Оның мақсаты - журналистердің біліктілігін арттыру, кәсіби деңгейде ақпарат алуы мен таратуына жол ашу.

Журналистер этикасы Кодексін қабылдау маңыздылығын Елбасы "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам" тақырыбыменжарияланған мақаласында ерекше атап өткен болатын.

Осыған байланысты ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли "ҚР журнлаисінің этикалық кодексі" бойынша кіріспе сөз сөйлеп, семинарға модераторлық жасады.

Семинар тренингке ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, "Алаш айнасы" интернет газетінің бас редакторы Серік Жанболат, "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы" қоғамдық қорының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы "Журналистік этика" тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Айта кетейік, қыркүйек айының соңына қарай "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы Жанболат Ауыпбаев пен "Айқын" газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзина Бектасова да келіп тәжірибелерімен бөлісетін болады. Алдағы уақытта журналистерге арналған осы тәрізді семинар тренингтер тұрақты өткізілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom