Мемлекет басшысының Жарлығымен Иоган Давидович Меркель Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, Н.Назарбаевтың Өкімімен И.Меркель басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. Иоган Давидович Меркель Бас прокурордың бірінші орынбасары болып 2008 жылдың 22 ақпанынан бастап 9 жылдан астам уақыт қызмет етті. 2005-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.