№24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі 25 жылдығын тойлады

Жаңалықтар
20.05.2017, 09:37

12Жетісу жерінің орталығы Талдықорған қаласында Мұхтар Арын атындағы  №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі  25 жылдығын тойлады. Бұл жайында облыстың білім беру басқармасының басшысы  Базарқұлова Ләззат Тлеубайқызы өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында айтты.

«Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,- деп Елбасы өз мақаласында айтып өткен. 25 жылдығын тойлап отырған лицей қабырғасында бәсекеге қабілеттілікті, рухани құндылықтарды бағалауды және дамытуды, үш тілділікті алға қойған.  Білімнің сапасы қандай білім берілгендігіне байланысты емес, сол білімді сананың қаншалықты қабылдай, сіңіре алғандығына да байланысты. Ал, лицей оқушылары қазіргі заманғы білім бәсекелестігінде екі негізгі мәселені айқындап алған деп айтуға негіз бар. Бірі - сапалы білім, екіншісі заман ағымынан қалмай адамды өмір бойғы оқу», - деді Ләззат Базарқұлова.

«Қоғамға үш тілді жетік, компьютердің бағдарламалау тілін жақсы білетін, экономика заңдарының теориясы мен практикасын меңгерген оқушыларды тәрбиелейтін бұл мектептің негізгі жетістігі әлемдік деңгейге танымал болған түлектері. Мысалға, әлемдік олимпиадалардың төрт дүркін жеңімпазы Байжікенов Бақытжан, «Intellection» компаниясының негізін салушы,  басшысы  Ойшынов Азамат, Сламбек Айбек - Қазақстан территориясындағы Франция компаниясының басшысы, Олжас Нұрбаев - Барселонада өткен кинофильмдер байқауында «Ең үздік режиссер» жеңімпазы, Алматы облысы, Көксу ауданының әкімі – Алмас Әділ және тағы басқалары.

25 жылда лицейді 1000 жуық түлек бітіріп, оның 81-і «Алтын белгі»,  85-і   «Үздік аттестат» иегері атанса,  халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында лицей оқушылары 159 орынды, ал республкалық олипиадаларда  67 орынды иеленді. Осы оқу жылында лицейді 75 түлек аяқтайды.

Республикалық үздік 50 мектеп қатарына кіретін лицей ұжымында 54 пән мұғалімі қызмет етеді, оның 31 жоғары санатты, 11 бірінші санатты, 12 екінші санатты. Кембридж бағдарламасы бойынша 24 мұғалім сертификатталған. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі – 5, ҚР білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» белгісінің иегерлері – 3, «Ы. Алтынсарин» төл белгісінің иегерлері - 3,  «ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының иегері – 2.

Сұхбат

PhotoRoom