Қала әкімдігінің кезекті жиынында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру әрі ондағы оқушылар санын мейлінше арттыру мақсатында сала мамандарына мектептер жанынан қосымша үйірмелер ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, бүгінде қала аумағында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасылардан 29 519 оқушы бар. Бұл қатарда 18 173 бала көпбалалы отбасы мүшелері болса, 5 503 бала аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, 5 246 бала жартылай жетім, 597-сін жетім не болмаса ата-ананың қарауынсыз қалған балалар құрайды. Биылғы жазғы демалыс кезеңінде 43 376 бала лагерлерге жолданбақ. Бұл көрсеткіш қаладағы оқушылардың жалпы санының 30 пайызын қамтиды жоспарлануда.
Бұл орайда, Ғ. Әбдірахымов сала мамандарына лагерлер мен мектеп жанындағы орталықтарда қауіпсіздік шараларын бақылауда ұстауды тапсырды.