Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде білім саласының ахуалы жан-жақты талқыланды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, биыл 5059 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда мың оқушыға артып отыр. Олардың ішінде 254-і «Алтын белгіге», 173 – үздік аттестатқа үміткер. Ал шетелдердің ЖОО түскендер – 193, колледжде білімін жалоғастыратындар – 894, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспайтындар – 14, ҰБТ нәтижесін қажет етпейтін ЖОО түсетіндер – 377, тест тапсырмай жұмыс істеуге ниет білдіргендер – 894.
Сонымен қатар, шара барысында оқу жылын аяқтаудың жаңа форматы да сөз болды. Алғашқы кезеңдегі мектепте тапсыратын қорытынды аттестаттау 29 мамыр мен 9 маусым аралығында 5 пән бойынша өтеді. Оның 4-і міндетті пән болса, біреуіне түлек өз таңдауын жасайды.