Амандық Баталовтың үлкен мінберге алғаш шығуы

Жаңалықтар
19.09.2014, 15:27

Жаз мезгілінде Талдықорғанға сапарлаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстың жай-күйіне көңілі толмаған еді. Ауылшаруашылық саласын сынады. Нәтижесінде күтпеген жерден Аңсар Мұсахановты қызметінен алып тастаған болатын. Облыс әкімі ретінде өңір активінің жиналысында Президент 13 жыл бойы әкім орынбасары болып келген Амандық Баталовты таныстырған-ды.

Қазақстан ауылшаруашылығы өнімдерінің 17 пайызын беретін облыстың су жаңа басшысы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келіп ақпарат құралдары өкілдеріне есеп берді. Орталықтағы алғашқы ашық есебі болған соң ба, Амандық мырза қағаздан бас алмады. Мұғалімнен сескеніп оқығанын еске түсіретін оқушы құсап тамағын керней беретін әдеті де бар екен. Қазақша сөйлеген кезіндегі олқылықтарын айтпағанда, орысша 4 рет қателесті.

Журналистер де біледі. Қызметке енді ғана келген әкімге сұрақтарды бастырмалатып қойды. Баталов "Облыстың сын көтермейтін жолдары қашан жөнделеді?", "мал ұрлығы тыйылмай тұр, оған не шара қолданасыз?" деген сауалдарға байыппен жауап беруге тырысты.

Жалпы, балапанды күзде санағанмен, Алматы облысының биылғы жетістігі жөнінде Баталовтан санамалап сұрау артықтау. Десе де, барлық мәселе сұралып, жауаптар да берілген сияқты. Брифинг әлі де жалғасып жатыр.

 

Сұхбат

PhotoRoom