Қазақстанда технологиялық және инновациялық дамуға қатысты индикаторлар жақсарған

Жаңалықтар
23.05.2017, 10:21

21ҚР ИДМ Медиа-орталығында өткен брифингте Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің технологиялық және инновациялық дамуға қатысты индикаторларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы есебі таныстырылды.

Журналистердің сұрақтарына ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есембаева, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары Дәурен Сәбденов, «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының басқарушы директоры Әлібек Қабылбай жауап берді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясындағы инновацияны дамыту деңгейін анықтайтын негізгі индикаторлар технологиялық дайындық және инновациялық әлеует болып табылады. Аталған индикаторлар соңғы жылдары оң динамика көрсетіп отыр.

«Технологиялық дайындық» индикаторы 5 тармаққа - 61 орыннан 56 орынға және «Инновациялық әлеует» 13 тармаққа - 72 орыннан 59 орынға  жақсарды.

Аталған индикаторлардың жақсаруы жүргізілген үдемелі индустриялық саясатпен байланысты, оның аясында жаңа жобалармен бірге жаңа технологиялар келеді.

Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік ұйымымен бірлесіп INSEAD француз бизнес-мектебі, Корнель университеті әзірлеген Инновацияның жаһандық индексі рейтингінде де Қазақстан өз орнын жақсартты (2016 -75, 2015-82).

Н.Есембаеваның айтуынша, ҮИИДМБ басталғанға дейін инновациялық белсенділік 4% болса, 2016 жылы екі еседен артық өсіп, қазіргі уақытта 9,3% құрап отыр (2015 жылы-8,1%).

Инновациялық қаржыландыру жыл сайын артып келеді. 2015 жылмен салыстырғанда технологиялық инновацияларға бөлінген қаржы екі еседен асты (2015 жылы – 655 млрд. теңге, 2016 жылы – 1 529 млрд. теңге).

Инновациялық қаржыландырудың артуы  инновациялық өнім көлемінің өсуіне оң әсер етіп отыр. 2015 жылы инновациялық өнімдер көлемі 377 млрд. теңгені құраса, 2016 жылы аталған көрсеткіш 20% өсіп, 445,8 млрд. теңгеге жетті.

Қазіргі уақытта «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ базасында Технологиялар трансферті халықаралық орталығы (одан әрі - ТТХО) жұмыс істеуде. Орталықтың негізгі мақсаты – елдегі компаниялар мен ғылыми-зерттеу мекемелері арасында ынтымақтастықты қалыптастыру, бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды үйлестіру, инновацияны құру мен басқару аясында мамандар дайындау мен дамыту жөніндегі  бірлескен бағдарламалар әзірлеу.

ТТХО Қазақстанға шетелдік технологияларды трансферттеу бойынша 15 жобаны жүзеге асыруды бастады. Сонымен бірге, шетелдік және отандық компаниялар (шағын, орта, ірі) арасында технологиялар трансферті жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша 12 келісімді бекітуге ықпал етті. Сондай-ақ, кәсіпорындардың технологиялар іздестіру бойынша 85 өтінішін жүзеге асырды.

Технологиялар трансферті халықаралық орталығының қызметі қамтамасыз етілді. Ұлттық даму институты базасында шетелде ТТХО біртұтас халықаралық технологиялар трансферті орталығына қайта форматтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі - трансұлттық компаниялармен бірлескен технологиялық даму орталықтарын құру.

2017 жылы «McKinsey & Co» компаниясымен бірге тау-кен-металлургия кешенінің бәсекелестік орталығы ашылады. Оған ТМК-дан келіп түскен мәліметтерді сараптау үшін шешімдер ұсынатын «Google» компаниясының кіруі жоспарланған.

Орталық – кадрлық әлеуетті жүзеге асыруға және 4.0 индустрия технологияларын, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістемелерін, «тиімді өндіріс» қағидалары мен өндірістегі практикалық оқыту арқылы терең сараптама әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Жалпы, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің биыл қыркүйек айында шығатын кезекті есебінде инновациялық және технологиялық даму деңгейін анықтайтын индикатор жақсарады деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom