31 мамырдан бастап Астанадан Ереван мен Киевке жаңа әуе рейстері ашылады

Жаңалықтар
23.05.2017, 16:58

1470548121_look.com.ua-115032EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында алдын ала жоспарланған жаңа халықаралық әуе рейстер ашыла бастайды. 2017 жылдың 31 мамыры күні Астана қаласынан Ереван мен Киевке қатынайтын екі жаңа әуе рейсінің салтанатты ашылуы болады. Бұл рейстерді қазақстандық әуе компаниялар жүзеге асырады.

«SCAT» әуе компаниясы Астана – Ереван – Астана бағыты бойынша жиілігі аптасына 2 рейс болатын жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр. 2017 жылдың 31 мамырынан басталатын рейс сәрсенбі және сенбі күндері орындалмақ.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Астана – Киев – Астана бағыты бойынша жиілігі аптасына 5 рейс болатын жаңа рейсті бастамақ. 2017 жылдың 1 маусымынан басталатын рейс дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері орындалатын болады.

Аталмыш жаңа рейстерді ашу жұмыстарын ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті шет мемлекеттердің авиация билігімен бірлесіп атқарған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom