Алматы облысында шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардың өкілдерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту жүріп жатыр

Жаңалықтар
25.05.2017, 18:01

123Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Атамекен» ҰКП өкілдері шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардың өкілдері үшін оқыту семинарларын ұйымдастырып жатқандығы  туралы баяндады. 

Жетісу өңірінде  мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына арналған, оның ішінде қой өсіру, аквамәдениет, жеміс-жидек, дәнді дақыл, бұршақ дәнділер мен жем-шөптік дақылдарды өсіру мен күтуге арналған семинарлар ұйымдастырылуда. Алғашқы семинар Қарасай ауданында өтіп, бал өндірудің қыр-сырына арналған болатын. Жалпы 26 семинар ұйымдастырылып, онда 400-ден астам адамды қамту жоспарланған. Негізінен семинарлар өзекті болып отырған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мен жүргізу тақырыптарында өткізіледі.        «Агробіліктілік орталығы аясындағы тегін оқулар екінші жыл қатарынан өтіп келеді. Биыл ветеринар-санитарлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Осы саладағы сұрақтар өте күрделі және өзекті болып саналады. Бұл бағытта біз Ескелді және Қарасай ауданында оқу өткіземіз», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Дәурен Оңалбаев.

Семинарға жас кәсіпкерлермен қатар, тәжірибелі басшылар мен кәсіпорын қызметкерлері қатысуда. Теория мен тәжірибені отандық ғалымдар және шетел сарапшылары жүргізеді. Оқу күні аяқталған соң, барлық қатысушыларға арнайы сертификат беріледі. Айта кетейік, өткен жылы өңірде 135 семинар өткізіліп, оған 2 мыңнан астам фермер қатысқан болатын.

Сұхбат

PhotoRoom