Қазақстанда бесінші Start-Up Академия ашылды

Жаңалықтар
26.05.2017, 19:13

78Бүгін Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жанында «Start-Up Академия» ашылды. «Даму» Қоры мен Жетісу мемлекеттік университеті арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Ашылу салтанатына екінші деңгейлі банк пен Алматы облыстық әкімшілігінің өкілдері және өңір кәсіпкерлері қатысты.

«Бұл – «Даму» Қорының елдегі ЖОО жанында ашқан бесінші академиясы. Алғашқы төртеуі Астана, Алматы, Атырау және Павлодарда ашылған болатын. Мұндай әріптестік бизнеске енді бет бұрған кәсіпкерлерге бизнес-идеядан бастап, нарыққа жол тартқанға дейінгі аралықта кешенді түрде, тегін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, тек консалтингтік немесе ақпараттық қолдау ғана емес, инвестор тартып, Қордың қаржылық бағдарламаларына қатысуға жағдай жасап, мемлекеттік гратнттар ұтып алу жолында көмектесу»,-деді «Даму» Қорының Басқарушы директор-Басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков.

«Start-Up Академия кәсіпкерлікпен айналысам деген біздің жастарға қолдау көрсетеді. Идеядан бастап, оны жүзеге асыру жолындағы барша барлық кезеңде де. «Даму» Қорымен университет жанында академия ашу мақсаты да осы еді. Біз өз тарапымыздан Алматы облысында инновациялық және кәсіпкерлік орта қалыптастыру үшін инфрақұрылым ұсынамыз. Академияда тренинг, семинарлар өткізіліп, стартап жобалар іздестіріліп, іріктеліп, оларды дамыту шаралары жүзеге асады. Сондай-ақ тәлімгерлік, сараптамалық қолдау мен түрлі байқаулар да ұйымдастырылады»,–деді І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры м.а. Төлеген Мұхтар.

Шара барысында түрлі қалалық, республикалық,, аймақтық байқауларға қатысқан жас ғалым, кәсіпкер, студенттер мен магистрант, докторанттардың инновациялық жобаларының көрмесі өтті. Онда өнертапқыштардың шағын ұшу құралдары, бөлме гүлдерін автоматты түрде суару жүйесі, Жоғары оқу орнының виртуалды гиді, электронды микроскоп секілді көптеген дүниелері қойылды.

Сұхбат

PhotoRoom