Оңтүстіктегі «Ырыс» микроқаржы ұйымы жыл басынан бері 1000-ға жуық жобаны қаржыландырды

Жаңалықтар
26.05.2017, 17:32

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» микроқаржы ұйымы осы жылдың басынан жалпы соммасы 2 794, 8 млн. теңгені құрайтын 996 жобаны қаржыландырған.

Соның ішінде: 2 273,1 млн. теңгені құрайтын 779 жоба мал шаруашылығына тиесілі болса, көктемгі егін егу-жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 319, 1 млн. теңгені құрайтын 150 жобаға қолдау көрсетілді. Жылыжайды кеңейту және құрылысын салу да «Ырыс» микроқаржы ұйымының жоспарлы  қаржыландырылуына еніп, бұл саладағы 36 жобаға 130,7 млн. теңге көлемінде несие берілді. 20f780e1-815c-47f3-9143-db5705baf365

Ал құс шаруашылығын дамыту  бойынша  жалпы сомасы 29, 3 млн. теңгеге 4 жоба қолдау тапты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға 5 млн. теңге несие бөлінсе, нан – тоқаш өнімдерін шығару үшін 2 жоба мақұлданып, 16 млн. теңге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, «Ырыс» микроқаржы ұйымы өндірістік қызмет үшін 12 млн. теңге қаржы берсе, сауда және қызмет көрсету саласы үшін 4 ,5 млн. теңге қаржы бөлді. Ал, балабақша  ашу  үшін  1 жоба  мақұлданып, жоба иесіне 5 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Сұхбат

PhotoRoom