Жетісу мемлекеттік университеті «Өткенге тағзым» атты митинг өткізді

Жаңалықтар
31.05.2017, 19:08

1131 мамыр - саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу күніне орай І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті  «Өткенге тағзым» атты митинг өткізді.

Аталған шараға Талдықорған қалалық әкімшілігі, қалалық ардагерлер үйінің төрағасы Мұрат Халық,  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Тәңірберген Қасымберкебаев және университеттің оқытушылары мен студент-жастары қатысты.  Шараға қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында І.Жансүгіров ескерткішінің алдына жиылып, қуғын –сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары туралы естелік айтып, нәубет жылдарында қырылған  қазақ отбасыларының рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Иманғазинов саяси қуғынға ұшыраған арыс азаматының бірі - І.Жансүгіров туралы терең толғанып,  солақай саясаттың түпкі мақсатын түсіндіріп, құлагер ақын І.Жансүгіров туралы тың деректер келтірді.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Үсен Өмірзақов жіне университеттің жас ақыны, журналистика мамандығының 2 - курс студенті Әділет Чукенов қуғын сүргін құрбандарына арнаған өлең жолдарын оқыды.

Сұхбат

PhotoRoom