5 жыл күткен EXPO-ның басталуына 6 күн қалды

Жаңалықтар
05.06.2017, 10:44

45

Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің дайындығын ұйымдастырушылар 95-97 пайыз деп бағалап отыр. Павильондардың бәрі дайын.

Жапонияның павильоны күңгірт, кеңсе ішіндегі жарық көмескіленген, бұл қонақтарға павильоны барынша әсерлі болуы үшін жасалған, себебі ең дамыған елдің кеңсесінде адамзат жетістігі саналатын заттар өте көп.

Жапон павильонының барлық эффекті LED-жарықтандырудың бар мүмкіндігін паш етуге арналған, бұл құрылғылар арқылы электр энергиясын бірнеше есе үнемдеуге болады, сондай-ақ, көміртекті (СО2) жұтып, су шығаратын сутек қозғалтқышын үнемдейді.

"Болашақта қоршаған ортаға қаупі жоқ сутек қозғалтқыштары қолданылады. Біз сіздерге автомобиль алып келгіміз келді, себебі қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда көліктен бөлінетін суды ішуге болатынын көрсеткіміз келді. Бірақ амал не, сутек қозғалтқыштарының жарылу қаупі бар, сондықтан оны ұшақпен жеткізуге болмайды. Бұл идеядан бас тартуға мәжбүр болдық", - дейді Жапония павильонының комиссары Томияши Накамура.

Алайда жапондар қазірдің өзінде-ақ виртуал шынайылықта өз жұмыстарын көрсете алады. Визуал және дыбыс эффектілер қонақтарға болашақтың алыс емес екеніне сендіреді.

Ал Малайзияның павильоны керісінше, қонақтарды жабайы джунглиге шақырады. Кеңсе жасыл және көк тондарда орналасқан, қонақтар бірінші қадамнан-ақ елінің табиғат ландшавтының көрінісін тамашалай алады - құстардың сайрағаны және судың дыбысы.

Малайзиялық павильонның ұйымдастырушылары Астанаға интеллектуал жарықтандыру саласындағы өнертабысын алып келіпті. Олардың жарықты үнемдейтін шамдары зор қуатқа ие болса да, энергияны екі есе үнемдеуге мүмкіндік береді.

Таиланд павильоны ғаламшарымызды ластайтын қоқыстарды қайта өңдеу идеясын ұсынады. Ұйымдастырушылар қоқыстан тиімді энергия көзін алуға болатынын сендіріп көрмек. Сонымен қатар, Таиланд онақтары өз павильонында ауыл шаруашылығы елдерінде өте көп қант құрағынан, эвкалипттен, шөптеп, күріштен, жүгеріден және тезектен және өзге де қайнаркөзден биоэнергияның қалай алынатынын көрсетпекші. Бұл процесс өте әсерлі және таңғалдырмай қоймайды.

Швейцарияның павильоны бұған дейін таныстырылған, олар жасалған жоспарға қаншалықты берік екенін қазір де дәлелдеп отыр. Дайын болған павильон сызбаға толық сәйкес келеді және елдің энергия қайнаркөздерін жаңартатуда алдыңғы қатарлы жетістіктерін паш етеді.

Швейцарияда келесі жылы көліктің жаңа түрі енгізілмекші, павильон ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл жергілікті AstanaBike велопрокат бағдарламасының баламасы болмақшы. Бір орындық электркарды қалалықтар жалға ала алады, ал смартфондағы арнайы қосымша жалдың километражын есептеп, төлем алады.

Финляндияның павильоны әзірше салынып бітпеген, таяуда аяқталады деп жоспарланған. Дизайнерлердің айтуынша, павильон толықтай ағаштан жасалған, оған 600 келі ағаш кеткен.

Еске салайық, бүгінде Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің 1,2 миллион кіру билеттері сатылған. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ коммерциализация департаментінің директоры Дәулет Еркімбаевтың айтуынша, бұл күтілген нәтижеден 20 пайызға асып түсті деген сөз.

Сұхбат

PhotoRoom